Жарияланды: 400

Алматы әкімі Б.Байбекпен базарлатқан ел арзан тауарға қарық боп қалды

Әкімнің арқасында арзан тауарға қарық боп қалды! Алматыда беталды қымбатшылыққа жол бермеу мақсатында қала басшысы Бауыржан Байбек бірқатар базарларды аралады. Картоп пен қиярдың қымбаттамағанын көріп, көңілі жайланды. Бірақ жаңа әкіммен бірге бұл күні базарлатқан жұрттың қуанышы көпке бармады. Бастапқыда «бағаны тұрақты ұстап тұрмыз» деп ант-су ішкен саудагерлер шенеунік есіктен шыға бере аяқасты құбылып шыға келді. 

Әншейінде таң атпастан шулап жататын базарда бүгін өлі тыныштық. Тіпті айналасына су себіліп, шаңы да басылып қалған. Ал сырты толы шенеунік. «Әкім келеді» деп ішіне жан баласын кіргізбей отыр.   

- Обычная жизнь должна идти. Приезжают, уезжают, а мы-то живем здесь!

Ал жас әкім алдымен кедей-кепшікке арналған сауда қатарларын аралады.        

-  Цены в зимнем павильоне - это цены премиум класса. Для обеспечанных слоев населения, а цены для более менее меньше зарабатывающих они у нас в цокольном павильоне.

Тұрғындарды бай-кедей деп бөле жарып қарайтын бұл базарда баға баз қалпында екен. Қызанақ та, қияр да қымбаттамаған болып шықты. Бірақ неге екені белгісіз, бағаны өзгертпей ұстап отырған саудагерлер қала әкімінен үркіп отырды.     

- Мед по чем? Бауырым? Кто там продает, мед по чем?

– Не мое.

– Не твое? А чье? Побежал.

Есесіне, қала тұрғындары жаңа басшының қолын алуға қорықпады. Жанында шұбырған шенеуніктердің тым көптігіне қарамастан, шатаспай танып, жақынырақ танысып та алды.  

- Ассаламағалейкум! Ақ жол! – Рахмет сізге, рахмет! Бағалар қалай екен?

Өзіңіз қайда жұмыс істейсіз? – Өзім натариус боп жұмыс істеймін.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі

 – Жарайды, осындай жағдай боп қалды. Қазір сол бағаларды ұстауға біз жұмыс істеп жатырмыз. – Өте орынды. Өте орынды.

Тек азық-түлік қана емес, саудагерлер киім-кешек пен мектепке қажетті қаламсаптардың құнын да қымбаттатпауға сөз берді.

- Ал енді мектепке дайындық басталды ғой, қазір адамдар келіп жатыр ма?Бағалармен не боп жатыр? Қалай болып жатыр? – Бағаларымыз сол қалпы, пока ештеңе өзгерген жоқ. 

Бірақ, шенеуніктердің қарасы сейілгені сол еді, бағалар да құбылып шыға келді. Әкім жүргенде арзан тауарға қарық болған жұрт жарты сағат өтпей іштен жабырқап шықты.   

- На 200 теңге мясо скинули. Аким ушел, опять подняли.   Все как было дорого, так и есть дорого.

Алдында азық-түлікті қымбатқа сатпауға кепілдік беріп тұрған мына кәсіпкердің дүкенінде бір ғана нан бағасы - 165, ал тәтті тоқаш - 155 теңге, тіпті 300 теңгенің де наны бар боп шықты. Әкімді алдағандар өзге базарлардан да табылды.

-  Да, подорожали. Я по 1200 баранину брал, а сейчас 1400.

Тек бірен-саран базарларда ғана баға бұрынғы қалпында. Картоп – 70, сәбіз – 80, қызанақ -100 теңгеден сатылып тұр. Ал ет пен ағарғанның бағасы қымбаттай түскен. Егер де жалға алу құны одан сайын көтерілетін болса, сөредегі өзге азық-түліктердің де қымбаттауы әбден мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін