Алматы әкімі қаланың стратегиялық маңызды нысандарын аралап көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі қаланың стратегиялық маңызды нысандарын аралап көрді

Алматы әкімі қаланың стратегиялық маңызды нысандарын аралап көрді

Алматы. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі қаланың стратегиялық маңызды нысандарын аралап көрді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы әкімдігі аппаратының қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасай отырып.

  • 29 Сәуiр 2008
  • 410
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, Ахметжан Есімов төтенше жағдайлар департаментіне , энергетикалық кешене, «Орбита» қазандығына барды.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан «Орбита» қазандығын көрген кезде Алматы әкімі энергетиктермен бірге бірқатар бас ауыртар мәселелерді талқылады. А. Есімов энергетикалық кешеннің тұрақты жұмыс істеуінің маңыздылығын атап көрсетіп, компания атына тілектер айтты. «Қаланы энергиямен қамтамасыз ету жүйесі озық қарқынмен дамуы қажет», — деді әкім.

Сонымен бірге, әкім Шығыс айналма жолының құрылысымен танысып, бірқатар жолайрықтарға, оның ішінде Рысқұлов пен Күдерин көшелерінің қиылысындағы жолайрығына барды. Жолайрықтың эстакадалық бөлігінің ұзындығы 285,63 метр. Эстакада ені — 15,25 метр. Өткізу қабілеті сағатына 13 307 көлік.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті