Алматы әкімі тоқтап қалған құрылыс нысандарының проблемасын шешуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі тоқтап қалған құрылыс нысандарының проблемасын шешуді ұсынды

Алматы әкімі тоқтап қалған құрылыс нысандарының проблемасын шешуді ұсынды

Алматы. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы мәслихатындағы "Нұр Отан" ХДП депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы барысында қала әкімі Ахметжан Есімов тоқтап қалған құрылыс нысандарының проблемасын шешуді ұсынды, деп хабарлайды агенттік Алматы қаласының жұртшылықпен байланыс басқармасына сілтеме жасап.

  • 4 Мамыр 2008
  • 489
Фото - Caravan.kz

«Қала басшысы Алматы қаласында қордаланып қалған көптеген проблемаларды шешу жоспарын, соның ішінде тоқтап қалған құрылыс нысандары мен үлескерлердің проблемасын шешу жайын әңгімеледі.

Басқарма ақпаратына сәйкес, кеңеске сондай-ақ, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Әділбек Жақсыбеков қатысты. Бұл оның қала басшылығымен бірінші көшпелі отырысы, оған Алматы қаласының әкімі бірден қолдау көрсетті. «Партияның қарапайым мүшелері-біздермен осындай қоян-қолтық қарым-қатынас орнату біз үшін және жалпы фракцияның жұмысы үшін маңызды», — деді А. Есімов.

Ә. Жақсыбеков өз кезегінде «қала басшылығының партия жоспарларын жүзеге асыруға белсене атсалысатынына сенім білдірді». «Қазақстандықтардың әл-ауқаты мен еліміздің гүлденуі — біздің басты мақсатымыз. Біз осы бағытта жұмыс жүргізе отырып, баршасымен диалог орнатуға тиіспіз», — деді Ә. Жақсыбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті