Сарапшылар 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ниеттеніп отырған Қазақстан қаласының спорттық нысандарын өз көздерімен көрмек, деп жазады sports.kz.
Дүйсенбі күні ХОК аталмыш ойындарды өткізуге үміткер қалалардың тізімін ресми түрде жариялаған болатын. Олардың қатарында Алматымен бәсекеге түсетін Норвегияның Осло қаласы мен Қытай астанасы Бейжің бар. Енді бұл шаһарлар инспекциялық комиссияның оң бағасын алу үшін күреспек.
Тексеру тобын Ресейдің Олимпиада комитетінің президенті Александр Жуков бастап келетіні белгілі болды.
2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізетін қаланың аты бір жылдан соң, 31 шілде күні белгілі болмақ.