Алматы әуежайын дүрліктірген қаскөйге іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайын дүрліктірген қаскөйге іздеу жарияланды

Алматы әуежайын дүрліктірген қаскөйге іздеу жарияланды

Бүгін Алматы әуежайы да дүрлікті. Түске таяу ғимаратта жарылғыш зат бар деп әлдекімнен қоңырау түскен.

  • 9 Шiлде 2014
  • 197
Фото - Caravan.kz


Іле-шалаәуежайға жеткен қаланың барлық құтқару қызметімаңайды қоршап, жолаушылар мен қызметкерлерді, бас-аяғы 600-дей адамды қауіпсіз орынға көшірді. Ал ғимарат ішін бір сағаттай тінтіген құтқарушылар айтылған бомбаны ақыры тапқан жоқ. Дегенмен, сол жалған ақпараттың кесірінен бірнеше әуе рейстері кейінге қалды. Қазір елді дүрліктірген қаскөй іздестірілуде.