Алматы әуежайында ер адам есірткімен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайында ер адам есірткімен ұсталды

Алматы әуежайында ер адам есірткімен ұсталды

Алматы әуежайында ер адам есірткімен ұсталды.

  • 1 Қыркүйек 2017
  • 337
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйекте таңғы сағат 06:10-да Алматы әуежайының жолаушылар терминалында "Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ тексеру бөлімшесінің қызметкерлері "Эйр Астана" АҚ әуекомпаниясының "Алматы-Атырау" рейсімен ұшпақшы болған жолаушысының қалтасынан жасыл түсті белгісіз бір затты тапқан", — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, осы жағдайдың құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, ҚР мемлекеттік органдарына және әуежайдың басшылығына жеткізілгені айтылады. Полиция қызметкерлері ұсталған ер адамға қатысты алғашқы тергеу жұмыстарын жүргізді. Ер адамның жүгі тексерілді. Тексеріс нәтижесі бойынша ер адамнан басқа да тыйым салынған заттар табылмады. Қажетті іс-щаралар жүргізілген соң ер адам Желілік Ішкі істер бөліміне жеткізілді.


Алматы әуежайының баспасөз қызметі жолдаған суретАлматы әуежайының баспасөз қызметі жолдаған сурет

Сондай-ақ, Алматы әуежайының өкілдері тексеріс жүргізетін жабдықтарды жетілдіру керектігін айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар