Алматы әуежайында рейстер жаппай кешігіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайында рейстер жаппай кешігіп жатыр

Алматы әуежайында рейстер жаппай кешігіп жатыр

Өткен тәулікте Алматы халықаралық әуежайында 18 рейс кешіккен.

  • 26 Наурыз 2018
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі аталған әуежайдың Facebook желісіндегі жеке парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі таңда Алматы әуежайында вертикальді көру мүмкіншілігі 1500 метрді, ал горизонтальді көру мүмкіншілігі 9 999 метрді құрайды. Әуе кемесін қабылдауға және ұшыруға ешқандай кедергі жоқ», — делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.

Өткен тәулікте Алматы халықаралық әуежайында төмендегі рейстер кешіккен:

«Air Astana» әуекомпаниясы:

KC951 Алматы-Астана – Қосымша экипажды күту;

КС851 Алматы-Астана – Тіркеуді кешіктіріп жүргізу;

KC897 Алматы-Дубай – Ұшақтың істен шығуы;

KC131 Алматы-Душанбе – Ұшақтың кешігіп келуі;

KC953 Алматы-Астана – Ұшақтың істен шығуы;

КС955 Алматы-Астана – Экипажды күту;

KC995 Алматы-Астана – Жолаушының өз затын ұмытып кетуінен;

KC911 Алматы-Ыстанбұл – Ұшақтың кешігіп келуі;

KC865 Алматы-Ақтөбе – Жоспарланған қосымша ұшақтың болмауынан;


KC401 Алматы-Киев – Ұшақтың кешігіп келуі;

KC909 Алматы-Сеул – Ұшақтың кешігіп келуі;

KC871 Алматы-Мәскеу – Ұшақтың кешігіп келуі;

«Scat» әуекомпаниясы:

DV737 Алматы-Петропавл – Жоспарланған қосымша ұшақтың болмауынан;

DV731 Алматы-Ақтау – Ұшақтың істен шығуы;

«Qazaq Air» әуекомпаниясы:

IQ357 Алматы-Астана – Жоспарланған қосымша ұшақтың болмауынан;

IQ355 Алматы-Астана – Ұшақтың кешігіп келуі;

IQ353 Алматы-Астана – Ұшақтың ауысуынан (26/03);

«Asian Airlines» әуекомпаниясы:

OZ578 Алматы-Сеул – Ұшақтың кешігіп келуі;

Оқи отырыңыз:

Air Astana елордада шұғыл қонған ұшаққа қатысты түсініктеме берді

Қазақстанда ірі 14 нысан 61 млрд теңгеге сатылды

 

Соңғы жаңалықтар