Алматы әуежайында такси жүргізушілері төбелесіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайында такси жүргізушілері төбелесіп қалды

Алматы әуежайында такси жүргізушілері төбелесіп қалды

Алматы Халықаралық әуежайында ресми такси жүргізушісі мен жеке тасымалдаушы төбелескен, - деп хабарлайды Tegnrinews.kz тілшісі.&nbs

  • 3 Наурыз 2017
  • 603
Фото - Caravan.kz

Алматы Халықаралық әуежайында ресми такси жүргізушісі мен жеке тасымалдаушы төбелескен, — деп хабарлайды Tegnrinews.kz тілшісі. 

Төбелес әуежай аумағында болған. Қазіргі уақытта полиция төбелестің неден шыққанын анықтау үстінде.

"Жәбірленуші — ресми такси жүргізушісі арызданудан бас тартты. Кейін полицияға компанияның атынан арыз түсті. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бабы бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама жасалады. Сонда ғана белгілі болады, себебі жәбірленушінің өзі әлі күнге арыз жазған жоқ. Ол жоқ болғандықтан, біз қандай деңгейдегі жарақат алғанын анықтау үшін тіпті сот-медициналық сараптаманы да бекіте алмаймыз", — деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, жеке тасымалдаушының аты-жөні анықталып, одан жауап алынған. Төбелес дерегі бойынша Түрксіб аудандық ІІБ полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.


 

Соңғы жаңалықтар