Алматы әуежайында террористерге қарсы «күрес жүргізілуде» - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайында террористерге қарсы «күрес жүргізілуде»

Алматы әуежайында террористерге қарсы «күрес жүргізілуде»

Алматы әуежайында террористерге қарсы оқу-жаттығу шаралары өтіп жатыр.

  • 27 Қыркүйек 2018
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.  

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штабтан хабарлағандай, Алматы халықаралық әуежайы территориясында жоспарлы оқу-жаттығу шаралары 27 қыркүйекке белгіленген.

«Оқу-жаттығуды өткізудегі мақсат — террористік сипаттағы қауіп-қатер төнген кезде өзара әрекет ету дағдыларын пысықтау. Жаттығулар әуе көлігіндегі лаңкестіктің жолын кесу механизмдерін жетілдіруге бағытталған», — делінген хабарламада.

Аталған шараға байланысты әуежай территориясында шектеу шаралары қолға алынбақ.

Жедел штаб өкілдері тұрғындардан өткізілетін шараларға түсіністікпен қарауға өтініш білдіріп отыр.


«Атап айтқанда, қауіпсіздік шараларын сақтап, жүретін маршруттарын алдын ала белгілеуге, оқу-жаттығуға жұмылдырылған мемлекеттік орган өкілдерінің айтқанын бұлжытпай орындауға шақырамыз. Мемлекеттік билік өкілінің талабын орындамаған жағдайда ҚР ӘқбК 443-бабына сәйкес әкімшілік жаза тағайындалатынын айта кеткіміз келеді»,- деді штаб өкілдері.

 

Соңғы жаңалықтар