Жарияланды: 420

Алматы базарларында Германия мен Испанияның көкөністері жоқ

Алматы базарларында Германия мен Испаниядан импортталатын көкөністер табылған жоқ, деп қала әкімшілігінің баспасөз қызметінен сейсенбі күні хабарлады.

«50 сауда нүктесі, оның ішінде 4 базар («Тастақ», «Береке», Кәрім», «Жұлдыз») тексерілді. Оларда Германия мен Испаниядан әкелінетін өнімдер анықталған жоқ», - делінген хабарда. Бұл ретте тексеріс мемлекеттік санитарлық бас дәрігер Кеңес Оспановтың қаулысының негізінде «санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) шаралар» мақсатында жүргізілгені айтылады. Алматы облысының СЭС мәліметтерінше «Алтын Орда» базарына өнімдер Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келіп түсуде. Еске салсақ, мамыр айының соңына таман Германияда аса қауіпті ішек инфекциясынан 10 адам қаза тауып, 300-ден астам (кейбір деректер бойынша 600-ден астам – ҚазТАГ) адам уланды. Қауіпті бактерияны тасымалдаушы Испаниядан әкелінген салаттық қияр деп хабарланып, билік екі экспортерлердің жұмысын тоқтатты. Ішек таяқшасының асқынған түрі бүйрекке және орталық нерв жүйесіне әсер етеді. Бұл ретте аса қауіпті ішек таяқшасының нақты көзі әлі табылған жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін