Алматы бір жыл ТМД-ның мәдени астанасы болады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы бір жыл ТМД-ның мәдени астанасы болады

Алматы бір жыл ТМД-ның мәдени астанасы болады

Алматы Қырғызстанның Ош қаласымен қатар 2014 жылы ТМД-ның мәдени астанасы деген мәртебеге ие болды.

  • 20 Наурыз 2014
  • 562
Фото - Caravan.kz

ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қор басқармасының тең төрағасы Михаил Швыдкой бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімовке 2014 жылғы «Достастықтың мәдени астанасы» сертификатын тапсырды.

«Алматы – Достастықтың мәдени астанасы» іс-шаралар тізбегін ашу салтанатына ТМД елдерінің делегациялары, ТМД елдері гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қор басқармасының, ТМД атқару комитетінің өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Алматыда осы мәртебе шеңберінде 2014 жылы халықаралық әдеби фестиваль, «Арт алаң» ашық аспан астындағы жазғы фестиваль, «Оркестрлердің сап құруы», "ArtBatFest" қазіргі заман өнер фестивалі және басқа шаралар өтеді.