Жарияланды: 530

Алматы: Боралдай тұрғыны әкімдік қызметкерінен таяқ жегенін айтып шағымданды

Алматы іргесіндегі Боралдай ауылының екі тұрғыны әкімдік қызметкерінен таяқ жегендерін айтып шағымданды. Айтуларынша, мемлекеттік қызметкер мал бағып жүрген қос қызды балағаттап, тіпті, жұдырықтың астына алған. Ал жергілікті әкімдіктің бас маманы болса, бәрін жала деп отыр.

Бәленің бәрі ешкілерден басталған. Боралдайдағы емхана маңына кешкісін Кристина күндегі әдет бойынша қорадағы бес-алты жандығын далаға жаюға шыққан. Жайсыз жағдайға тап болам деп ойламапты. Жақын жердегі орындықта сүйіктісімен отырған жас жігіт: «ешкілеріңді әрі таман бақ»деп тиіскен. «Қыздыңалдында ерлік көрсеткісі келді ме, әйтеуір шаруасы бізбен боп кетті»- дейді Кристина.

Кристина Синицина:

- Мына ешкілерің өзіңе ұқсайды екен деп мені  келеке қылды. Оныңыз не деп едім, «мен әкімдіктенмін»деп дауысын көтерді. Балағаттап, боқтық сөздерді жаудырды. Ағама айтамын деп едім, «маған бәрібір»деп,қалтасынан куәлігін шығарып, бірнеше рет жұдырық сілтеді.

Қарындастарына араша түспек болып келген үйдің үлкен ұлына да  мемлекеттік қызметкер жұдырығын ала жүгірген көрінеді. «Онысымен қоймай,біздің үстімізден арыз жазып тастапты» -дейді, жапа шеккен қыздың анасы.

Марина Потапова, жапа шеккен қыздың анасы:

- Сол кезде «Казцик» ауылдық аймағының әкімі келіп, маған  «арызыңызды қайтып алыңыз» деді. Қалай ғана қыз балаға қол көтеруге болады?! Тіпті, бір ауыз кешірім сұрауға да жарамады. Енді әкімдікте істейді екен деп,бәріміздің баларамызды сабауы керек пе?! Ондай адамдарды мемлекеттік қызметтен алыстату керек.

Оқиға болған 24 мамыр күні қыздар бірден жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Дәрігерлер қанды ісік пайда болған деп анықтама жазып беріпті.  Енді жергілікті ауруханадағылар жауапкершіліктен жалтарып, мұны да мойындамай отырған көрінеді. Ал елдің бәрін үркітіп-қорқытты деген ҚазЦИК ауылдық аймағы әкімдігінің бас маманы Айдарбек Жасымбеков: «Қып-қызыл жала,  қыздарға қол көтермек түгілі, дауыс та көтергенім жоқ» -деп ант-су ішіп отыр.

Айдарбек Жасымбеков, ҚазЦИК ауылдық аймағы әкімдігінің бас маманы:

- Емхананың қасынан ары қарай бағуларын сұрадым. Ол қыздар маған, керісінше, ар-намысыма тиіп, мазақ қалды. Сөйтіп ағасын шақырды, ағасы келіп маған қол жұмсады. Ал қол көтерді дегені мүлдем жалған. 

«Егер бізді кешірсін десең, бір мың доллар әкеліп бер» - деді.

Не керек, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтау қиын-ақ. Қазір қос тарап та бір-біріне қарсы Іле ауданының Ішкі істер басқармасына арыз жазып үлгерген. Істің ақ-қарасын енді солар анықтайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть