Алматы ипподромын дамытуды инвесторлар қолға алмақ
![]() |
«Алматы ипподромы» жобасы қолға алынады. |
Мұндай шешім қабылдауға көпшіліктің аталған нысанды Алматы қонақтары үшін маңызды демалыс әрі тартымды спорттық-мәдени орын ретінде бағалаған және айтқан пікірлері түрткі болды6 деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.
Жаңғырту жұмыстары нысан иелерінің қаржысы мен жеке инвестиция арқылы жүзеге асатын болады. Еске сала кетейік, таяуда «Нұр Отан» партиясы АҚФ депутаттық фракциясының отырысында қала бюджетін оңтайландыруда ипподромды қала балансына қайтарып алмау жөнінде шешім қабылданған болатын.
Ал, үнемделген қаржы әлеуметтік мәні бар жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатын болады. Алайда, Алматы ипподромын қайта жаңғырту жөніндегі бастамашылар, яғни әлеуетті инвесторлар мен нысан иелері өз күштерімен дамыту жұмыстарын қолға алатын болды. Қазір нысанның даму Тұжырымдамасы жасалып жатыр. Барлық модернизациялау және қайта жасау жұмыстары 2016 жылдың басында қолға алынады.
Айта кетелік, Республикалық Алматы ипподромы асыл тұқмыды жылқылардың сынақ Орталығы ретінде 1934 жылы салынған болатын. Араға 30 жыл салып қайта құрылған болатын. Алматы ипподромының негізгі жұмысы - ұлттық ат ойындарын өткізу мен бәйге аттарын сынау. Алматы ипподромы құрылғалы бері мұнда жылқылардың 25 мыңға жуық таза қанды араб, қостанайлық, орловтық тұқымды желіс аттары сынақтан өткен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін