Алматы кинотеатрларында жаңа анимациялық фильм көрсетіле бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы кинотеатрларында жаңа анимациялық фильм көрсетіле бастады

Алматы кинотеатрларында жаңа анимациялық фильм көрсетіле бастады

Disney-дің жаңа кейіпкерлері көмекке келеді! Ертеңнен бастап Алматы кинотеатрларында «Ұшақтар: от пен су» деп аталатын анимациялық фильм көрерменге жол тартпақ. Шытырман оқиғаға толы туындыда ұшақтар мен автокөліктер ормандағы өртті сөндіреді. Жаңа анимациялық фильмнің балаларға ғана емес, ересектерге де қызықты болары сөзсіз. Ал Disney, Sony және Базелевс компаниялары өнімдерін Қазақстанға таратушы –  «Меломан» компаниясы.  

  • 21 Тамыз 2014
  • 440
Фото - Caravan.kz

Аса батыл, көңілді әрі ұйымшыл… ұшақтар мен автокөліктер. Олар ұлттық бақ аумағындағы өртті сөндіру үшін барын салады. Ал Дасти деп аталатын шағын ұшақтың құтқару жұмыстарын үйренуіне біраз уақыт кетеді. Бұған дейін де әуедегі жарыстарда алдына жан салмаған оған достары көмекке келеді.

Картинада өрт сөндірушілердің жауапты да ауыр жұмыстары туралы айтылады. Мұнда әрбір кейіпкердің өз мінез-құлқы көрсетіліп, басынан өткен жәйттер баяндалады. Құтқарушы техникалар күтпеген оқиғаларға тап болады. Ренжіседі, достасады, тіпті біріне бірі ғашық болады. Ал бізге бұл картинаның ресейлік актерлер дыбыстаған орысша нұсқасы жеткізілді.   

Анна Ардова, актриса :

— Ұшақтар бір-бірімен шынайы қарым-қатынаста болады. Тіпті олардың адам қолынан шыққан сурет екеніне сену қиын. 

Константин Крюков, актер:

— Картинаны көріп отырып кейіпкермен бірге қуанып, бірге уайымдайсыз. Көңіл-күйіңіге әсер етпей қоймайды.

«Ұшақтар: от пен су» анимациялық фильмі ертеңнен бастап Алматының барлық кинотеатрларында көрсетіледі. Енді ата-аналардың жазғы демалыстың соңғы күндерінде баласына есте қаларлық сый жасауға мүмкіндігі бар.


Әліби Шәріпов, «Kinoplex Sary Arka»кинотеатры директорының орынбасары:

— Бұл мультфильмге технологияның жаңа мүмкіншіліктері қолданылған.  Мультфильмді тек қана балалар емес, үлкендерге де көруге болады. Мультфильм өте қызықты. Бәріңіз келіңіздер, көріңіздер!