Былай тартса- арба сынады, былай тартса — өгіз өледі. Бұл көлік алғысы келген 5 мың адамның бүгінгі жағдайы. Бәрінің қолын байлаған екі америкалық компания екен. Бірі “Армада” атты тасымалдаушы, әдетте 40 күннен аспай келетін көлікті әне-міне жеткізіледі дегелі жарты жылдан асқан. Ал екінші компания көлікке тапсырыс бергендердің ақшасын жинап алып, аяқ асты банкрот болыпты.
Батырхан Нұрғалиев, көлік иесі:
— ТСС деген компания бар, Америкадан Қазақстанға әкелетін, банкротқа ұшырады. Сосын біздің контейнеріміз портқа келмей, басқа портқа келген. Сосын Қытайдың кеден бекеті бізге оны бермеді.
Кеден Одағы келісіміне қол жеткізгелі көлік тасымалдаушылар аз шулаған жоқ. «Бізге тиімсіз «деп талай рет айтылды. Үкімет жеңілдік жасау үшінбір жылға жеке тұлғаларға бір-бір көлік алуға мұрсат беріп, арнайы қаулы шығарған. Жиған-терген ақшасына көлігін жаңалап алғысы келгендер осы мерзімде үлгеруі тиіс еді. Ал үлгермегендері бірден бес есеге өскен баж салығын төлеуікерек.
Рахат Болатбекова, көлік иесі:
— 1 шілдеге дейін үлгерейік деп, ақпанда ақшаны жібердік. Ақша жетпей, жеткізу үшін несие алды. Ол Америкадан 14 наурызда шыққан, содан бері жоқ. Білмейміз, енді келмесе,төйлейтін ақшамыз жоқ.
Осылайша 5 мың адамның әзірге әркімнің көлігіне сырттай қызығып қарағаннан басқа амалы жоқ. Ал Кедендік рәсімдеу орталығы «көпшіліктің өзі кінәлі, дәл қазір қандай да бір жақсылық жасайтындай жағдай жоқ»деп шорт кесті.
Қанат Есжанов, Алматы қалалық Кедендік рәсімдеу орталығының қызметкері:
— Кеден заңнамасында алдынала декларациялау көрсетілген. Бірақ,аталып отырған мәселеде, жеке тұлғаларға көліктерді алып келген жағдайда бұл әсер етпейді, бұл қарастырылмаған.
Кеденнен қайыр болмасын түсінген көлік иелері енді Үкіметтен көмек сұрап отыр.