Жарияланды: 20

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

Алматының солтүстік-шығысында жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Жер сілкінісі бүгін, 9 тамызда сағат 14.44-те тіркелген.

"Алматыдан 185 шақырым-жерде солтүстік-шығыс бөлігінде Панфилов ауданының аумағында жер сілкінісі тіркелді. Энергетикалық класы - 9,4, тербелістің магнитудасы - 3,6. Жерасты дүмпулері 0,5 шақырым тереңдікте болды. Қоңырөлең ауылында 2 балдық жер сілкінісі сезілгені жайлы мәлімет бар", - делінген ТЖД хабарламасында.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін