Алматы мен Алматы облысында электр қуатының тәулік аясында айыра есептелген тарифі енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мен Алматы облысында электр қуатының тәулік аясында айыра  есептелген тарифі енгізіледі

Алматы мен Алматы облысында электр қуатының тәулік аясында айыра есептелген тарифі енгізіледі

Алматы. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы мен Алматы облысында электр қуатының тәулік аясында айыра есептелген тарифі енгізіледі, деп хабарлайды агенттік "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 570
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың 1 мамырынан бастап қазіргі біртұтас тарифтің орнына балама ретінде түрлендірілген тариф енгізіледі. «Электр қуатының төлемін түрлі тарифпен төлеу үшін Энергосбыт мекемесінің аудандық бөлімдерінде арыз жазу керек», -делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жеке тұлғалар үшін күндізгі тариф ставкасы 7.00 мен 23.00 аралығында қолданылып, 1 кВт-сағ үшін 10,24 теңгені құрайды. Ал түнгі ставка ( 23.00 мен 7.00 аралығы) 1 кВт-сағ үшін 13% ҚҚС қоса есептегенде 2,22 теңге болмақ.

Заңды тұлғалар үшін күндізгі тариф ставкасы (7.00 мен 19.00 аралығында) 1 кВт-сағ үшін 7,10 теңге, электр қуаты ең жоғары деңгейде қолданылатын уақытта (19.00 мен 23.00 аралығында) — 14,64 теңге, түнгі тариф ставкасы (23.00 мен 07.00 аралығында) 13% ҚҚС қоса есептегенде 1 кВт-сағ үшін 1,97 теңге болмақ.

«Есепті бұрынғыдай біртұтас тарифпен жүргізуге құлықты адамдар үшін тариф ставкасы бұрынғыдай 1 кВт-сағ үшін 8,02 теңге қалпында қалады (ҚҚС қоса есептегенде)», -делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, түрліше тариф Алматы мен Алматы облысында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың тапсырмасымен енгізіліп отыр. «Түнгі және күндізгі баға ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2003 жылдың 24-қарашасындағы №275-ОД санды бұйрығымен бекітілген тариф ставкасын есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген», — делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті