Жарияланды: 480

Алматы мен Маңғыстау облысында болған жол апаттарынан 10 адам зардап шекті

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы мен Маңғыстау облысында болған жол апаттарынан 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 10 қарашада сағат 08.07-де Алматының Алмалы ауданында Хмельницкий мен Гете көшелерінің қиылысында "ГАЗель" және "Тойота" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан "ГАЗель" көлігінің 43 жастағы жүргізушісі мен оның 5 жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 10 қарашада сағат 08.55-те Жаңаөзен - Ақтау жолының 14-ші шақырымында 41 жастағы ВАЗ жүргізушісі "Мазда" көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан екі жүргізуші мен "ВАЗ" көлігінде отырған екі жолаушы ауруханаға түсті. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін