Алматы мен Шымкенттен Дубайға тікелей рейс ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мен Шымкенттен Дубайға тікелей рейс ашылды

Алматы мен Шымкенттен Дубайға тікелей рейс ашылды

Flydubai Дубай әуе компаниясы Алматы мен Шымкент қалаларынан Дубайға дейінгі рейске билеттер сатыла бастағанын хабарлайды.

  • 16 Шiлде 2014
  • 484
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы әуе компаниясының Қазақстандағы баспасөз хатшысы Инна Лебедева мәлім етті.

Алматыдан Дубайға ұшатын рейс 16 қыркүйектен аптасына төрт рет, ал Шымкенттен қатынайтын рейс 19 қыркүйектен бастап аптасына 2 рет сапарға шығады.

«Біз Қазақстандағы алғашқы екі бағытымыз бойынша билет сатуды бастағанымызға өте қуаныштымыз. Алматы мен Шымкенттен ұшатын рейстер Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сауда мен туризмді дамытуға ықпалын тигізеді. Екі бағдарда да бизнес-класс бойынша ұшу қызметі көрсетілетін болады», — деді әуе компаниясының коммерциялық мәселелер бойынша вице-президенті Джейхун Эфенди.

Алматыдан Дубайға дейін  билет құны 410 АҚШ долларынан басталады. Бұған 20 келі жүктің тасымалы да кіреді.


Ал Шымкенттен ұшатын рейс құны 350 АҚШ долларынан басталады.  

Рейстердің қай күндері, қай уақытта ұшатыны туралы қосымша ақпаратты flydubai.com ресми сайтынан, болмаса Дубайдағы колл-орталығына (+971 600 54 4445) хабарласып білуге болады.