Ақан Бижанов, Сенат депутаты:
-Халық қауіпсіздігін сақтау мақсатында және жоғарыда айтылған үлкен қажеттілікті ескере отырып, метрополитенді стартегиялық обектер қатарына қосу және оған тиісті құқықтық базаны құру мәселесін шешуді ұсынамыз. Бұл мәселе Парламент тарапынан тиісті қолдау табады деген сенім бар. Неге екені белгісіз, бұл кейбір министрліктерден қолдау таппай отыр.
Негізі Алматы метросы қолданысқа берілген күннен-ақ стратегиялық нысан ретінде тізімге алынуы керек еді. Алайда, уәде сөз күйінде қалған. Сенатордың үрейленуі бекер емес. Әлемде лаңкестік әрекеттер осы метрода жиі жасалады. Бақылау камераларын орнатумен шектелмей, жер асты жолының күзетінің санын арттыруды ұсынып отыр. Құрылысы 20 жылға созылып, ашылғанына 3 жыл болған Алматы метросында қазір 7 бекет бар. Келер жылы тағы екі бекет ашылмақ. Бұл кезде жолаушылар тасымалы екі есеге ұлғаяды. Сондықтан адам өмірін қауіп-қатерден қорғауды ертерек қамдаған дұрыс деді сенатор.