Алматы метросы ТМД елдеріндегі ең қауіпсіз қоғамдық көлік болып танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.11
  • 530.09
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы метросы  ТМД елдеріндегі ең қауіпсіз қоғамдық көлік болып танылды

Алматы метросы ТМД елдеріндегі ең қауіпсіз қоғамдық көлік болып танылды

Алматыдағы құрылысы аяқталуға жақын қалған метро ТМД елдеріндегі ең қауіпсіз қоғамдық көлік болып танылды. Бүгін Алматыға 20 елден метро салушы мамандар келіп, алматылық нысанды аралап көрді. Шетелдік қонақтар қазақтың алғашқы метросымен жүріп, халықаралық талапқа сай екенін мойындады.

  • 10 Маусым 2011
  • 536
Фото - Caravan.kz

20 елден келген қонақтар Алматының  сегіз жарым шақырымдық жерасты жолын жіті тексерген. Одан бөлек,бүгін Оңтүстік Кореядан арнайы Алматыға жеткізілген 7 пойыздың біріне мініп, сынақтан өткізді. Өткен ғасырдан бері салынып жатқан нысан, әйтеуір, бәрінің көңілінен шықты. 

Леван Мехрешвили, «Тбилиси тасымалдаушы компаниясының» техникалық директоры:

Бізде 6 балдық жер сілкінісі тіркелген. Бұл 2000жылы еді. Метро мүлдем зардап шеккен жоқ. Туннельдік нысан қашанда қауіпсіз. Алматы метросы да кемі 9 балдық зілзалаға шыдас береді.

Мұрат Өкшебаев, «Алматы Метроқұрылысы» АҚ Бас директоры:

— Шүкір,міне,20 жылдан астам метро соғып жатырмыз. Содан бері Алматыда бірнеше рет жер сілкінісі тіркелді,  бәрі мысалы  жер астындағы жүйеге  еш әсер еткен жоқ.

Халықаралық деңгейде сынақтан өткізбекке келген мамандарды әсіресе станциялардағы ұлттық нақыш қытты қызықтырды. Мәселен, Мәскеуден келген  қонақтар әр станцияға тоқтаған сайын естелік суретке түсіп әлек. Метро салудан Кеңес дәуірінде алдына жан салмаған ресейліктер бұл жолы Алматының жаңа қоғамдық көлігінің соңғы технологиямен жабдықталғанына жоғары баға берді. 

Владимир Гарюгин,«Петербург метрополитені» тасымалдаушы мекемесінің директоры
:

Біз өткен жылы жылдық шығынның 94 пайызын толтырдық. Петербург метро бағыты, әрине, үлкен болғандықтан,бұл заңды. Алматы үшін ең бастысы табыс емес, метроның іске қосылғаны. Біздің бір ғана қызығатын нәрсемізжаңа пойыздар. Мұндай вагондар Ресейде әлі жоқ.   

Қонақтар алдағы жарты жылдықта іске қосылатын метроның жүру бағасы туралы да сұрап қалды. 

Мұрат Өкшебаев, «Алматы Метроқұрылысы» АҚ Бас директоры:

Жүру құнын басында айтқанбыз,  75 теңге болады деп, бірақ қала басшылары автобус пен метрополитен бағасыбірдей  болсын деген болжам жасады. Бәрі соған байланысты, қалай болады, солай жасаймыз.

Жалпы құрылыстың бірінші кезеңі бойынша  сегіз жарым шақырым жерасты жолы аяқталғаны белгілі. Екінші кезең бойынша биыл бюджеттен 2 млрд теңге бөлініп, бүгінде 15 метр туннель қазылыпты. Ал ең бастысы,іске қосылуға дайын метро халықаралық сынақтан сәтті өтті.

Жер астымен жүйткитін кез де алыс емес сияқты. Енді тура 190 күннен кейін, яғни,еліміз үшін ең маңызды мереке — Тәуелсіздіктің 20жылдығы кезінде алматылықтар тұңғыш рет метроға отырады.