Алматы метросында жолақыны қолма-қол ақшамен төлеу қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы метросында жолақыны қолма-қол ақшамен төлеу қымбаттады

Алматы метросында жолақыны қолма-қол ақшамен төлеу қымбаттады

Алматы метросындағы жолақы жетонды қолма-қол ақшамен сатып алған кезде 80 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттайды, делінген қалалық қоғамдық көліктерде жолаушыларды тұрақты тасымалдаудың сараланған тарифтері туралы әкімдік қаулысында.

  • 5 Шiлде 2017
  • 934
Фото - Caravan.kz

"Алматы қаласы аумағындағы қалалық бағдарлар бойынша жолаушыларды тұрақты тасымалдаудың бекітілген тарифі электронды жүйе арқылы төмендегідей көлемде төленуі тиіс: электронды жол жүру картасы арқылы төлеген кезде – 80 теңге, ал көлікте қолма-қол ақшамен төлеген кезде – 150 теңге", — делінген қаулыда. 

Қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда жолақының қымбаттауын әкімшілік қаражаттың көлеңке айналымынан арылып, салық түсімін арттыру және жолаушылар арасында электронды картаның көбірек қолданылуы үшін деп түсіндіреді. 


 

Соңғы жаңалықтар