Небәрі бірнеше секунд ішінде мамандар сөмкені немесе үлкен жүктерді сүзгіден өткізіп, оның қаншалықты қауіпсіз екенін анықтай алады. Рентгеннен өзге «Тайфун» деп аталатын арнайы құрылғы да пайдаланылуда. Ол адамның жарылғыш заттың бөлшектеріне жақындаған-жақындамағанын иіс арқылы таниды екен. Қазір Алматы метросының 9 станциясында осындай техника қойылған. Ал оны сатып алу үшін 150 миллион теңге жұмсалыпты. Сонымен қатар, 120 қызметкер арнайы оқудан өткен.
Айдын Оразханов, «Метрополитен» МКК директоры:
– Тоқтатып, көрсет, багажды аш дегенде адамдар жақтырмайды. Рентген аппаратпен тексерген жеңілірек. Одан да асығып жатса бізде детектор бар, оны жақындата салса сигнал бермесе болды. Адамдарды өткізе берсе болады.