Жарияланды: 600

Алматы облыстық полициясы бақылау аймағы арқылы өткен автокөліктердің мемлекеттік номерін тіркеуге мүмкіндік алды

Алматы облыстық жол полициясы облыстық автотрассалармен бақылау аймағы арқылы өткен автокөліктердің мемлекеттік номерін тіркеп отыруға мүмкіндік алды.

Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлады. Бұл мақсатпен "Поток-Ағын" атты аппараттық бағдарламалар сатып алынды. "Поток" кешенінің біреуі Қапшағай тексеру бекетінде орнатылса, екіншісі қазір Алматы-Бішкек тас жолының 59-шақырымында орнатылу үстінде. Полицияның түсініктемесіне жүгінсек, бұл қондырғы тіпті сағатына 150 шақырымдық жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан көліктің де мемлекеттік номерін байқап тіркей алады. Бұл ақпарат бас компьютерге жіберіледі. Соның нәтижесінде автокөліктің қожайынын бірнеше секундта анықтауға болады. Мәселен, аппаратты Қапшағай тексеру бекетінде орнатқаннан кейін бірнеше тәулік ішінде 20-дан астам заң-ереже бұзу оқиғасы әшкереленді. Соның ішінде тұтқындалуына байланысты айппұлдық тұрақта тұруы тиіс "Газель" автокөлігі ұсталды. Қазір бұл дерек бойынша тергеу шаралары өткізілуде. Полиция қызметкерлерінің пікірінше, аталмыш аппаратураның маңызы ұрланған автокөліктерді әшкерелеуде айрықша зор. Екі қондырғының жалпы құны 3 млн. теңгені құрайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть