Жарияланды: 390

Алматы облыстық полициясы саяжайларды тонауды кәсіпке айналдырған топты тұтқындады

Алматы облыстық полициясы Қарасай ауданында саяжайларды тонауды кәсіпке айналдырған топтың 3 адамын тұтқындады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазір тергеушілер қолында тұтқындардың Арман, Энергетик және Дорожник саяжай массивтерінде болған 60 мың теңгеден астам теңгенің 8 ұрлық оқиғасына қатысы барлығын дәлелдейтін деректер бар. Орталарында бір әйел де бар тонаушылар тобы қазір Қарай аудандық ІІБ-ның уақытша тергеу қапасында отыр. Полиция қызметкерлерінің пікірінше, қамаудағылардың Қарасай ауданында тіркелген басқа да тонаушылық қылмыстарға қатысы болуы мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть