Алматы облысы аумағындағы бір дәмханада шыққан өрт салдарынан екі адам қаза тауып, екі адамды күйік шалды - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысы аумағындағы бір дәмханада шыққан өрт салдарынан екі адам қаза тауып, екі адамды күйік шалды

Алматы облысы аумағындағы бір дәмханада шыққан өрт салдарынан екі адам қаза тауып, екі адамды күйік шалды

Алматы облысы аумағындағы бір дәмханада шыққан өрт салдарынан екі адам қаза тауып, екі адам күйіп қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Шiлде 2004
  • 415
Фото - Caravan.kz

Өрт Алматы-Бішкек тас жолының 16-шақырымында, Қарасай ауданы аумағында орналасқан «Салықпаев» жеке кәсіпорнының «Бақ-Айт» демалыс кешенінде шыққан. Төрт сауна және дәмханадан тұратын кешен 12-шілдеде 7 сағат 25 минутта өртенген. Өрт жалпы 720 шаршы шақырым аумақты шарпыды. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында өрт сөндірушілер дәмханада жұмыс істейтін 20 және 23 жастағы екі қызметкер әйелдің мәйітін тапты. Сондай-ақ, өрт салдарынан 24 және 30 жастағы тағы екі әйел түрлі дәрежелі күйікпен ауруханаға жатқызылды.

Өрт 10 сағат 52 минутта сөндірілді. Өрт сөндіру жұмысына мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 23 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды.