«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, бүгін кешқұрым жүк көліктері үшін «Алматы-Өскемен» жолының 424-558 шақырымындағы аралығында жол жабылды.
Бұдан бөлек, «Үшарал — Достық» автожолының Көктума — Достық учаскесінің 83-184 шақырымы аралығында барлық көлік түрлері үшін жол жабық тұр. Бұл шектеу 29 қарашада енгізілген болатын.