Алматы облысы тауларында Польшалық альпинист қаза тапты
Алматы облысындағы Хан тәңірі шыңында шетелдік альпинист мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінен хабарлады. 22-жастағы Польша азаматы шыңнан құлап, басынан жарақаттану салдарынан оқиға орнында мерт болды. Қайтыс болған адамның мәйіті Алматыдағы сот-медициналық сараптама орталығына жеткізіліп тергеу басталды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін