«Жедел-іздестір шаралары барысында Достық станциясының №19 разъезінде 11 адам құрықталды. Күдіктілер Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары болып шықты», — деп хабарлайды ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.
Хабарламаға сүйенсек, тамыздың 29-ына қараған түні аталған разъезде 12 тонна рельс ұрланған. Ұрылар шойын жолды тіркемесі бар «Камаз» көлігіне тиеп әкеткен көрінеді.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.