Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 13 қазанда сағат 14:30 шамасында болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, 14 жастағы жасөспірім мотоцикл техникасын басқара алмай, газ құбырына соқтығысқан. Оқиға орнында кәмелетке толмаған жүргізуші қаза тауып, оның сыныптасы ауруханаға жеткізілді", — деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіледі.