Жарияланды: 410

Алматы облысында 3 адам суға кетті, олардың арасында 7 жасар бала да бар

Алматы облысында 3 адам суға кетті, олардың арасында 7 жасар бала да бар. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қайғылы оқиға Есік қаласының маңындағы саяжайлар аймағында болды. Үлкен Алматы каналында суда жүзіп жүрген үш туысқан суға батып кеткен. Қазір судан құтқару қызметінің адамдары тек баланың мәйітін ғана тауып алды. Ал басқа үш адамның денесі іздестірілу үстінде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін