Жарияланды: 570

Алматы облысында ағаш құлау салдарынан көгілдір отын магистраліне ақау келді

Алматы облысы Қаскелең қаласында ағаш құлау салдарынан жергілікті 219 мм-лік көгілдір отын магистраліне ақау келді ,- деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметі. Апат салдарынан 60 үй көгілдір отынсыз қалған. Бір қуанарлығы, құбырдан газ шыққан жоқ. Апат салдарын арылтуға газ апатынан құтқару қызметі мен өртке қарсы күрес қызметі гарнизонының 4 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін