Алматы облысында әйел тасжолда босанып қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында әйел тасжолда босанып қалған

Алматы облысында әйел тасжолда босанып қалған

 

  • 17 Қараша 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында әйел тасжолда босанып қалған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, кеше Алматы облысының "Күрті" трассалық медициналық-құтқару пунктіне сағат 14.40-та 20 жастағы жүкті әйел көмек сұрап барған.

"Трассалық пункт фельдшері жүкті әйелді қарай бастаған сәтте оның толғағы басталып кеткен. "Күрті" дәрігерлері сол жерде әйел адамды аман-есен босандырып алды. Құтқарушы-медиктердің сөзінше қыз бала дүниеге келген. Баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Қазіргі уақытта босанған әйел мен бала Алматы облысы Іле ауданының орталық ауруханасына жеткізілді", — делінген хабарламада.

Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында бала мен ананың өміріне қауіп төнбегені айтылады.


Соңғы жаңалықтар