Алматы облысында әйел түрмеден қашып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында әйел түрмеден қашып кетті

Алматы облысында әйел түрмеден қашып кетті

Жауғашты колониясында жазасын өтеп жатқан әйел түрмеден қашып кетті.

  • 18 Мамыр 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, оқиға 12 мамырда болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Сотталған әйел жедел іздестіру іс-шаралары барысында мекеменің маңында ұсталды.

Бұл факт ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Алматы облысы Іле ауданы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Болған фактінің мән-жайын анықтау үшін қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тергеу жүргізеді, — деп хабарлады департамент.

Тексеріс нәтижесі бойынша лауазымды адамдар қолданыстағы заңнама шеңберінде тәртіптік жауапкершілікке тартылады.


Айта кетейік, Қазақстанда сотталған 1 747 әйел жазасын түрмеде өтеп жатыр. Ел бойынша сотталған әйелдер жазасын өтейтін 6 мекеме бар.

Соңғы жаңалықтар