Айта кететін жайт, ағымдағы жылдың қазан айында Талғар ауданында бағбандық шаруашылықты дамыту бойынша арнайы жиналыс өткен болатын. Аталған шара барысында шешімін таппай жүрген мәселелер қозғалып, өңірде апорттың мәртебесін көтеру бойынша алғышарттар қолға алынған-ды.
Бүгінгі кездесу барысында отырғызылатын көшеттердің сапасы, өнім түрлерінің типтері қызу талқыланып, апорттың мол өнім беруіне жағдай жасау мәселесі алға қойылды. Жиында өңірдің табиғи-климаттық жағдайын ескере отырып, Тұқым шаруашылығы институты мамандары болашақта алманың сапалы түрін өсірген маңызды, — деп атап өтті.
Бүгінгі күні өңірде 2 мың га жуық жаңа алма бақтары өз өнімдерін беруде. Алдағы 5 жыл ішінде облыс аумағындағы 4-4,5 мың га аумаққа алма бағын өсіру жоспарлануда.
Жиын қорытындысында жекелеген шаруа қожалықтарына алма өсіріп, бағбандық жұмыстарды жандандыру тапсырылды. Себебі бұл бағыттағы жұмыстар жыл сайын жаңа технологияларды қажет етіп, бақ аумағын ұлғайтуды талап етуде. Алдағы уақытта жобалық смета құжаттары әзірленіп, жайқалған апорт бақтары бой көтеретін аумақтар анықталатын болады.