Хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған жасөспірімдер Талғар ауданында тұрады. Қазіргі уақытта олар ата-аналарына табысталды.
ІІД-ден хабарлағандай, Тұздыбастау жалпыға білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы ата-анасын ескертпей, бірнеше күн құрбысының үйінде болған.
Ал Бірлік ауылының 16 жастағы тұрғыны ата-анасына ескертпей, құрбысының үйінде қонақ болып қалған. Сондай-ақ кәмелеттік жасқа жетпеген Талғар қаласының ауылшаруашылығы техникумының студенті айтпай, Шымкенттегі туысқанының үйіне кеткен. Оларды полиция қызметкерлері іздеп тауып, қабылдау-бөлу орнына жеткізді.
Айта кетейік, өңір полициясы жыл басынан бері хабар-ошарсыз кетіп, ресми іздеу жарияланған барлығы 17 кәмелетке толмаған тұлғалардың 14-ін іздеп тапты.