Алматы облысында бір тұрғынның 135 мың долларын алаяқтар алып қойған - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында бір тұрғынның 135 мың долларын алаяқтар алып қойған

Алматы облысында бір тұрғынның 135 мың долларын алаяқтар алып қойған

Табыс табамыз деп тонап кеткен серіктес. Алматы облысында саяжайлар мен гектарлаған жер телімдерін арзан бағаға әпереміз деп елді алдап, артынша миллиондаған ақшаны жымқырып жоғалатын топтар пайда болды. Және олар лауызымы салмақты адамдардың атын жамылады екен. Шет елден оралған бір қандасымыз осындай алаяқтардан алдандым деп, редакциямызға хабарласқан еді. Айтуынша, уәдені үйіп-төккен кәсіпкерге қолындағының бәрін берген. Қазір соны сұраса, қорқытып ауласына да жолатпайды екен. Ал құқық қорғау орындарындағы іс қараусыз қалған.

  • 14 Маусым 2014
  • 610
Фото - Caravan.kz

Жәбірленуші Болат Төлегеновтің айтуынша, кәсіптің кілтін таппаққа тірлік бастаған ол отбасымен бірге ауылдас кәсіпкермен етене араласып кеткен. Қос отбасы тіпті той-томалаққа да жұп жазбай жетеді екен. Жақынына айналған жанұядан Төлегеновтер отбасы үй болмаса жер алуға жәрдем жасауын сұрапты. Сенімге кірген Сатыбалдиевтар тез келіскен және мына үйді әпермек болған. Ақысы 135 000 доллар, көк қағазды көп күттірмей жеткізген Төлегеновтер. Бірақ үй де, ұлтарақтай жер де жоқ. Сенген серіктестері оның орнына кафе ашып алыпты. Бүгін мұнда Болат Төлегенов қаржысын даулап келді.

Апталдай азамат өз ақшасын қайтару үшін өзгенің есігін сығалап жүр бүгінде. Ал кафені кәсіп қылған кәсіпкер отбасының Төлегеновтерді көргісі жоқ. Танымаймыз деп салды кет дегенде кетпегені үшін күш те қолданды. Алаяқтықтың арбауына түскен Болат Төлегенов жылдап жиып-терген қаржысынан қағылып қалғанына сенгісі жоқ.

Болат Төлегенов, жәбірленуші:

-Мен күйеуіне бердім күйеуі әйеліне берді. Екеуі алды. Бірігіп жұмыс жасаймыз деді. Сөйтіп алып менен ақша қазір бермей отыр ақшамды. Менің ақшамды қайтарсын кафесі де ештеңесі де қажет емес маған.

Ақшаны алып адам танымай кетті деген азамат міне – Сайлау Сатыбалдиев. Бірақ Төлегеновтердің 135 000 долларын алғам жоқ, ол ақшаға кафені салғам жоқ дейді. Керісінше мені бопсалап жатыр деп жан даусы шықты.


Сайлау Сатыбалдиев, кәсіпкер:

-Мен алғам жоқ, бір тиынын алсам мына кісіден бір тиын алсам анам өлсін, нан ұстайын басқа қалай айтуға болады. Шешемді жер қауып кетсін, мен бір тиын алған болсам мына кісіден.Оларға уәде берген жоқпын. Тергеу жүріп жатыр. Мүмкін мен сотталатын шығармын қайдан білесіз.

Тергеу демекші, қазір осы даулы мәселеге қатысты қылмыстық іс жүргізілуде. Бірақ тегінде жұртты жұлып жейтін тергеуші тілшілермен жүздескенді хош көрмеді. Есіктегі күзетші ешкім жоқ деп шығарып салды.

Тергеудің тоқырап тұрғанын көз көрді, теңгенің тілімен айтсақ бүгін ертең миллиондардың мәселесі шешіле қалмақ емес. Дегенмен тақырға отырған Төлегеновтер әулеті тәртіп сақшыларының істі әділ шешеріне әлі де сенеді екен. Қолдарында қолхаттары мен ақшаның алыс-берісі туралы аудио жазбалары бар. Егер түйткілдің түйіні тарқамаса Үшқоңырдың баурайындағы шу сотқа жетпек.