Алматы облысында бір үйдің кішкентай екі баласы суға ағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында бір үйдің кішкентай екі баласы суға ағып кетті

Алматы облысында бір үйдің кішкентай екі баласы суға ағып кетті

Алматы облысында екі бірдей бала суармалы канал суына тұншығып қайтыс болды.

  • 14 Мамыр 2018
  • 43
Фото - Caravan.kz

Комитет өкілдерінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 13 мамыр күні Балқаш ауданындағы Бақбақты ауылында болған. 

"Үлкендердің қарауынсыз қалған кішкентай екі бала ойнап жүріп каналға құлап кетіп, тұншығып қайтыс болған. Екеуі де 2014 жылы туған, бір отбасының балалары", — делінген аталған хабарламада.

Дәл осы күні Атырау облысы Құлсары қаласында да 18 жастағы бозбала Жем өзеніне батып кетіпті. Құтқарушылар оның мәйітін жағаға алып шыққан. Марқұм 11 сыныпта оқиды екен. Ол шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен.

Оқи отырыңыз:

“Қазақстан” арнасын “Қабатовстан” арнасы деп атай береміз-ау: Рүстем Қайыртайұлы Тұрсынбекті сынға алды

 

 

Соңғы жаңалықтар