Алматы облысында бір жігіттің әйелін азаптап өлтіргені видеоға түсіп қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында бір жігіттің әйелін азаптап өлтіргені видеоға түсіп қалған

Алматы облысында бір жігіттің әйелін азаптап өлтіргені видеоға түсіп қалған

Қызғыштай қорғаған қызын өлтірген қандықол бостандыққа шығып кете ме деп қорқады. Осыдан бірер күн бұрын 32 жастағы  Алматы облысының тұрғыны Жанар Насырованы өзінің күйеуі Азамат Құлымбетов жиырмадан астам жерінен пышақтап жер жастандырған. Екі баланың анасы Жанардың жақындары қолын қанға малған күйеуін қатаң жазаға тартса деп отыр.

  • 23 Ақпан 2017
  • 1243
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлады.

Құрбы-құрдастарының алды болып, өз жұмысын адал атқарып жүрген Жанар осыдан бірер күн бұрын қапыда көз жұмды. Бұл қанды оқиғаны өзінің некедегі күйеуі Азамат Құлымбетов жоспарлы түрде жасаған деген күдік бар. Себебі оның әйеліне жасаған қылмыстық іс-әрекетін мына бейне таспадағы видеодан байқауға болады.

Бұл оқиға Жанардың жұмыс орны Алматы облысы Қарасай ауданы «Асыл арман» тұрғын үйлерінің бірінде орналасқан дәріхана ішінде  болған. Ал,  ағайын — туыстарының сөздерінше, қыздарын жиырмадан астам жерінен пышақтап әбден қансыратып жер өлтірген  34 жасар Азамат Құлымбетов қатаң жазаланса деп отыр.

«Менің сұрайтыным бұлтарысқа салмай бұған әділ жаза берсе. Бүгін менің қызыма шабуыл жасаса ертең басқаның қызына шабыуыл жасайды бұл. Жақсылық күтетін адама емес ол. Қазір істі Қарасай ауданы қарап жатыр», — деді Жанардың туысы Болатхан Насыров.  

Жанардың ағасы Болатханның сөзінше, қарындасын 14 ақпан күні күйеуі Азамат бірталай жеріне дене жарақатын салып белгісіз себептермен ұрып-соққаны турыл құзырлы орган қызметкерлеріне арызданыпты.

«Жанарды қылқындырып, ұрды дегеннен кейін 14 күні арыз тастадық. Оны Жамбыл ауданының РОВД-дысы қарамады. Сосын 17 күні Азаматты қолынан ұстап тұрып оларға апарып бердім. Оданда еш нәтиже болмады», — деді  Болатхан Насыров.  


«Сот әділ шешімін шығарса екен деп үміттенеміз. Себебі бұл бір үйдің қайғысы емес.Екі ортада қызымыздан айырылдық», — деді  Жанардың туысы Нұрғайша Малдыбаева.

Бұл қылмыстық оқиғаны Алматы облысы Қарасай ауданы ішкі істер басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Құқық қорғау орган қызметкерлері бұл істі қатаң бақылауымызға алып отырмыз дейді.

«Өзінің заңды некедегі 1983 жылы туылған Азамат Құлымбетов ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР 99 бабының бірінші бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Адам өлтірген адам қылмыстан еш уақытта құтылып кете алмайды. Біз оған сендіреміз», — деді  Алматы облысы Қарасай ауданы АIIБ бастығының орынбасары  Ұлан Садықов.  

Ал, бүгінде 32 жасар Жанар Насыровның артында екі ұлы қалды. Ал, Азамат Құлымбетов «адам өлтіру» бабы бойынша он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар