Жарияланды: 210

Алматы облысында дәрігер отадан кейін науқастың денесінде зат қалдырып кеткен

Алматы облысында дәрігер отадан кейін науқастың денесінде зат қалдырып кеткен

Науқас дәрігердің жазаланғанын қалайды 

Алматы облысында ер адам өзіне үш рет сәтсіз ота жасаған дәрігермен соттаспақ. Екі жыл ішінде Жандос Бауыржанұлына 4 рет ота жасалған екен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 31 арнағасілтеме жасап.

Жандос Бауыржанұлы мұрнының ауырып жүргенін айтып дәрігерлерге келеді. Дәрігерлер оған сынған мұрнын түзетуге кеңес беріп, ота жасайды. Бірақ, отадан кейін жағдайы жақсармайды. Екінші рет жасалған ота да сәтсіз өтеді. Араға екі апта салып дәрігерлер науқастың мұрнынан мақта тампон алып шығады.

Мұрнына үшінші рет ота жасатқан науқастың дәрігерлерден әбден көңілі қалған. Себебі, соңғы рет оның мұрнынан хирургтер пластмасса алып шықты. Ал алғашқы үш отаны бір дәрігер жасаған.

Жуырда ол төртінші рет басқа дәрігерге ота жасатқан. Қазір жағдайы жақсы. Науқастың есептеуінше, алғашқы екі отаны жасату үшін 500 мың теңгесін шығындаған. Журналистер сәтсіз оталарды жасаған дәрігермен тілдесе алмай отыр. Себебі, ауруханадағылар дәрігердің үйге сұранып кеткенін айтқан. Медициналық мекеменің директоры науқастың сөзін растаса да, аталған жағдайға қатысты нақты пікір білдіруден бас тартып отыр.

«Ол - бөлім меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты және жоғарғы санаттағы дәрігер. Маманымыз үш отаны да сәтсіз жасады дегенге сенбеймін. Әзірге отаның қалай өткені тексеріліп жатқандықтан, мен сіздерге нақты ешнәрсе айта алмаймын», - дейді Алматы көпбағытты клиникалық аурухана директоры Жұмахан Молдақұлов.

Науқас соттың көмегіне жүгінуге бел буып отыр. Ол ақшасын қайтарып қана қоймай, дәрігердің жазаланғанын қалайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін