Алматы облысында джип айдап кеткен ер адам апатқа ұшырап, оқиға орнында көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында джип айдап кеткен ер адам апатқа ұшырап, оқиға орнында көз жұмды

Алматы облысында джип айдап кеткен ер адам апатқа ұшырап, оқиға орнында көз жұмды

3 қарашада Жамбыл облысында сағат 6:00 шамасында «Алматы-Астана» жолында  «Тойота Ленд Крузер» жол апатына түсті.

  • 5 Қараша 2015
  • 376
Фото - Caravan.kz

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнына жеткен полицейлер жол талғамайтын көлік жүргізушісі рульді басқара алмай, көлігі аударылып кеткенін анықтады.

Жол апатынан 29 жастағы джип жүргізушісі қаза тауып, салондағы екі ер адам түрлі жарақаттармен Ұзынағаш ауылының ауруханасына жеткізілді.

Талқылау барысында, апатқа ұшыраған көлік  48 жастағы Алматы тұрғынына тиесілі екені анықталды. Ол кейіннен Жамбыл АІІБ-ге өз көлігін айдап кеткені жайлы шағымданған. Өтініш беруші көлігін Жамбыл облысы Айдарлы ауылында орналасқан ЖШС-ы  аумағынан белгісіз біреулер айдап кеткендігі жайлы хабарлаған.

Қазіргі уақытта көлік айдап кету фактісі бойынша ҚР ҚК 200-бабында көзделген сот алды тергеу басталды.


Тергеу барысында полицейлер көліктің ішінде болған, жол апатынан жарақат алған екі жолаушының қылмысқа қатыстылығын тексереді.