Жарияланды: 380

Алматы облысында екі әйелді өлтірген күдікті ұсталды

Алматы облысында екі әйелді өлтірген күдікті ретінде 33 жастағы еркек ұсталды. Бұл туралы Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыстық Сарқанд ауданы Алмалы ауылының тұрғындары жуырда осындағы алма бағынан 36 жастағы әйелдің мәйітін тауып алған. Сот-медициналық сараптама қорытындысы әйелдің соққыдан көз жұмсғанын көрсетіп берді. Жедел тергеу тобы қылмысқа күдікті ретінде бұған дейін бірнеше мәрте сотталған 33 жастағы жігітті ұстады. Өлген әйелдің ашынасы өз кінәсін мойнына алды. Күдіктінің аудандағы осы тақылеттес қылмыстарға қатыстылығын тексеру барысында оның тағы бір әйелдің өмірін қиғандығы анықталды. Былтырғы жылдың шілде айында күдіктінің көңілдесінің дос қызы хабар-ошарсыз жоғалып кеткен болатын. Оны да өлтіргенін мойындаған қылмыскер әйелдің мәйітін қайда жасырғанын көрсетіп берді. Күдіктінің айтуынша, әйелдер орталарындағы бір еркекке таласып ұдайы жаңжалдасқан. Осыдан бір жыл бұрын ол әйелдердің біреуін таңдап, екіншісін өлтіріп тастаса керек. Бұдан кейін әйелмен бір жыл бірге тұрған әлгі ақыр соңында екіншісінің жанын да жаҺаннамға жіберіп тынған. Қазір кісі өлтіру оқиғаларының түпкі себептері анықталуда. Қылмыскердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін