Қазір 37 жастағы тұрғынның үстінен 316-бабы («Жануарларға қатыгездік жасау») бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды. Оқиға бүгін Құлжа тас жолының бойында болды. Арқанмен байланған итті жүк көлігі сүйреп бара жатқан видео әлеуметтік желіде тарады. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол қоқыс тасумен айналысады. Иттің өлексесін көрген соң көлік жүргізуші оны адамдар жоқ жерге апарып тастағысы келген.
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған азамат Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны.