Алматы облысында "КамАз" автокөлігі мен шетелдік көліктің соқтығысуы салдарынан 4 адам мерт болды
Алматы облысында Алматы-Өскемен тас жолы мен Талдықорған-Өскемен бағытындағы айналма жолдың қиылысында 9-қыркүйек күні 17 сағат 30 минутта Талдықорғанға кіре берісте "Ниссан-Максима" автокөлігі мен "КамАз" жүк машинасы соқтығысып қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Агенттік ақпатарына сәйкес, апат салдарынан "Ниссан-Максима" автокөлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы бірдей оқиға орнында мерт болды. Қазаға ұшыраған адамдардың аты-жөні анықталу үстінде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін