Алматы облысында карантин күшейді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында карантин күшейді

Алматы облысында карантин күшейді

Алматы облысының бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерғали Сыдыманов карантин режимі мен кейбір шектеу шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойды. 

  • 9 Сәуiр 2021
  • 75
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылдың 12 сәуірінен бастап келесі шектеу шараларын енгізу жоспарланған.

Жаң қаулыға сәйкес, мына нысандардың қызметі тоқтайды: 

  • банкет залдары;
  • театр, кинотеатр;
  • облысаралық/қалааралық/ауданаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар қозғалысы;
  • қалааралық/ауданаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы);
  • спорт шаралары, оның ішінде аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі чемпионаттарды, жарыстарды өткізуге тыйым салынады;
  • білім беру орталықтарынан басқа, спорттық, би, гимнастика және осыған ұқсас секциялар мен үйірмелер;
  • мәдениет нысандары (мұражайлар, мәдениет үйлері, концерт залдары және т. б.);
  • құрылыс материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сататын нысандардан басқа, ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған);
  • туризм субъектілерінде (нысан) сиымдылығы 80 пайыздан аспайтын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға (жеке бару немесе бір отбасы мүшелері үшін, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, бетперде тағу ұсынылады);

Сондай-ақ, келесі нысандардың жұмысын шектеу тапсырылды:


  • сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда нысандары жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі және жексенбіде 500 шаршы метрден аса сауда нысанының (құрылыс материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сататын нысандардан басқа) қызметіне, сауда нысаны ішіндегі азық-түлік бөлімдері мен дәріханаларды қоспағанда, жұмыс істеуге тыйым салынады.
  • қызметкерлердің кемінде 80 пайызы қашықтан жұмыс істеу нысанына ауыстырылуы тиіс (штат кестесінде 15-тен аса қызметкер болғанда).
  • супермаркеттер, гипермаркеттер жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыз.

Бұған дейін 16 наурызда Алматы облысында демалыс күндеріне толық локдаун енгізілетіні хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар