Алматы облысында мәдениет саласының үздіктері марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында мәдениет саласының үздіктері марапатталды

Алматы облысында мәдениет саласының үздіктері марапатталды

Алматы облысында Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті.

  • 22 Мамыр 2017
  • 268
Фото - Caravan.kz

Жыл сайын дәстүрлі түрде атқарылып келе жатқан салтанатты жиынға аудан, қала әкімінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, аудандық музей, кітапхана, мәдениет үйлерінің директорлары, халықтық ұжымдардың жетекшілері және әр аудан, қаладан ұсынылған «Үздік мәдениет қызметкері» номинациясының иегерлері, басқа да марапатталушылар шақырылған.

Шара барысында аудан, қала, облыс мәдениеті жөнінде көрсеткіш тақталар көрмесі қойылып, жиын алдында сала жөнінде 7 минуттық телефильм көрсетілді.

Жиынға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов арнайы қатысты. Ол мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, өз салаларында жетістіктер тіледі. Өңір басшысы өз сөзінде «Алматы облысының мәдениет қызметкерлері үздік болуы керек. Өйткені, біз бұл үшін барлық жағдайды жасадық. Мысалы, сала қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға өсті. Өнер адамдарының жаны әдемілікті сүйеді. Сондықтан, біздің әртістер ең әдемі, ең сапалы киімдермен сахнаға шыққаны жөн. Біз ол үшін бар жағдайды жасап, қолдаймыз.  Ал, аудандық, ауылдық мәдениет үйлеріне жөндеу жұмыстарын бастау керек»  — деп, орынбасары Ж.Омар мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Әбдуәлиевке тапсырма берді.


Салтанатты жиында бірқатар мәдениет және өнер саласының майталмандарының еңбегі ескерілді.  Олардың арасында 3 маман  «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталса, барлығы 52 маман түрлі марапаттарға ие болды. Бұл жылы «үздіктер» қатарында көш бастаған  Алматы облыстық «Көркемөнер» галереясы ұжымына облыс әкімі тарапынан  жеңіл автокөлік сыйға тартылды.

Соңғы жаңалықтар