Жарияланды: 80

Алматы облысында мектеп директоры суицид жасап қайтыс болды

Алматы облысында мектеп директоры суицид жасап қайтыс болды Сурет - Anhor.uz

Оның артында әйелі мен үш ұлы қалды.

Алматы облысы Ұйқыр ауданына қарасты Ават ауылында мектеп директоры өзіне қол салды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі аудандық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 10 қыркүйек күні болған. 1975 жылы туған ер адамның денесі өз үйінің ауласындағы қорадан табылды. Ол асылып қалған.

Марқұмның артында үш ұлы қалды. Олардың екеуі кәмелетке толмаған.

Қазіргі таңда аудандық полиция бөлімі аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 105-бабының 1-тармағы бойынша (Өзін өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін