Алматы облысында молдамен жыныстық қатынасқа түскен әйел өз-өзіне қол жұмсаған - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында молдамен жыныстық қатынасқа түскен әйел өз-өзіне қол жұмсаған

Алматы облысында молдамен жыныстық қатынасқа түскен әйел өз-өзіне қол жұмсаған

Жұбайының айтуынша марқұм әйел мәжбүрлі түрде зина жасаған. 

  • 22 Мамыр 2019
  • 6628
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы әлеуметтік желіге Алматы облысы Ескелді ауданы Қайнарлы ауылының тұрғыны Есхат Әйнекбекұлы президентке видео жолдап, жария етті деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа, ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдаулет мырзаға! Мен Алматы облысы, Ескелді ауданына қарасты Қайнарлы ауылының тұрғынымын. Есім-сойым — Есхат Әйнекбекұлы. Сіздерге хат жолдап отырған себебім,  2019 жылдың 26 сәуірінде менің жарым Нұрғиза Азатханқызы ауыл молдасы Қадыр Әмбиеұлының мәжбүрлі түрде жыныстық қатынасқа тартып, түрлі айуандық әрекеттер жасағанына шыдамай, өз-өзіне қол жұмсауы. Заңда шектеу қойылған әрекеттерге барып, үш баламды жетім қалдыруға себепкер болған Қадір Әмбиеұлына тиісті жаза қолдануларыңызды сұраймын", — дейді Есхат Әйнебекұлы.

Видеода әлдебір ер адамның белгісіз әйелге айтып жатқан сөздері де жазылып қалған. Онда ер адам ұнатып қалғанын және айтқанын орындамаса өлтіретінін айтқан. 


Сондай-ақ видеода белгісіз әйелдің күйеуі  Есхатты алдап жүре алматынын айтып жалынғанын дауысын естуге болады.

 

Соңғы жаңалықтар