Алматы облысында оқушылар мектептеріне кіре алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында оқушылар мектептеріне кіре алмай жүр

Алматы облысында оқушылар мектептеріне кіре алмай жүр

Оқу жылы басталса да оқулық ұстап, сауат ашуға мүмкіндік жоқ. Алматы облысына қарасты Шамалған стансасының оқушылары мектеп табалдырығынан аттай алмай жүр. Жылда іргедегі саяжайдан қатынап баратын білім ордасына, биыл басшылық орын тапшы деп жүздеген оқушыны басқа мектептерге ауыстырған. Бірақ алысқа баруға үзілді-кесілді қарсы ата-аналар бүгін мектеп алдында наразылықтарын білдірді.

  • 3 Қыркүйек 2014
  • 840
Фото - Caravan.kz

Бүлдіршіндербілім алудың орнынасөмкелерін асынып, осылай мектеп алдын жағалауға мәжбүр. Осы уақытқа дейін олар үшін есігін айқара ашқан білім ордасы биыл саяжайдан қатынайтын 400-ге жуық оқушының бірін де кіргізбей қойған.

Қуаныш Елемесов, Шамалған ауылының тұрғыны:

— Осы ауыл балаларының барлығы осы мектепке сыятын еді. Екі автобус әкелетін айына екі мыңнан төлейтінбіз. Ал, енді үйренген мектебіне кеше алғашқы қоңырауға балалар да ата-аналар да қатыса алмай қалдық қой.

Саяжай тұрғындары үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы бұл мектеп ең жақын орналасқан.Оның өзінде 16 шақырым жерде. Ал, ауыстырылған мектептері одан да алыс. Сондықтан ата-ана баласын алысқа жіберуден қорқып отыр. Оған себеп те жоқ емес.

Ақбота Қәріпбаева, Шамалған ауылының тұрғыны:

-Екінші сыныпта оқитын қыз екі жыл бұрын жоғалып кетті. Ол әлі күнге дейін жоқ. Оны іздеп жатқан адам да жоқ. Былтыр бір баланы ит талап өлтірді. Жеп қойған. Соны жаңа директорға айтып: «жауап бересіңдер ма?» — десем, екі директор да қашып отыр.

Ал, оқушыларды дәл сабақ сергелдеңге салып қойған білім ордасының басшылығы ашынған ата-аналардан жүрексінді ме, әйтеуір тал-түсте мектептің есігін тас бекітіп тастапты.

— Қазір кіргізбей жатыр. Есіктің бәрін жауып тастаған.

-Қандай сабақ болуы керек еді?

— Математика.

Наразы жұрттың кетпесін түсінген директор ақыры мән-жайды түсіндіргендей болды. Айтуынша, мектеп тар, ал бала саны еселеп артқан. Қазірдің озінде оқушылар үш ауысыммен жүр екен. Соқтықтан саяжайдағы 400 баланы басқа мектепке ауыстыруға мәжбүр болдық дейді.

Шолпан Құлиева, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп директоры:

-2 мың 400 бала  қабылдап қойдық. Сондықтан қазір мүмкіндігіміз жоқ.Сондықтан үш ауысымдық проблеманы шешу үшін жаңа мектеп ашылды.  Балаларды ауыстыруға мәжбүр болдық. Үшінші ауысымды алып тастау үшін.

Бірақ директордың жауабы жұртты қанағаттандырмады. Бұл мектеп қабылдамаса, балаларды басқасына бермейміз деп бекінген.

-Ал, 600 оқушыға арналған жаңа мектеп осы. Алайда мұнда оқушылардың саяжайдан қатынағысы жоқ. Себебі, жаңа білім ордасы 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Тіпті, мектепке апарар жолдың да сапасы сын көтермейді екен. Бірақ, «балам білім алсын десе»-ашынған ата-ананың басқа амалы жоқ.