Алматы облысында оқушылар тігіншінің кесірінен мектеп формасынсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында оқушылар  тігіншінің кесірінен мектеп формасынсыз қалды

Алматы облысында оқушылар тігіншінің кесірінен мектеп формасынсыз қалды

Ал Алматы облысының Балтабай ауылындағы оқушылардың алғашқы қоңырауды мектеп формасынсыз қарсы алатын түрі бар. Себебі, оларға  біріңғай мектеп формасын тігуі тиіс тігінші дәл оқу жылы басталарда жұртты сан соқтырған.

  • 30 Тамыз 2014
  • 375
Фото - Caravan.kz

Ата-аналар мектепформасына жаздың басындатапсырыс берген. Себебі, жаңа оқу жылынан бастап Балтабай ауылдық орта мектебінің оқушылары бірыңғай формаға көшпек. Сол үшін ата-аналар бір жарым миллион теңгені мектеп директорына жинап берген. Алайда арада үш ай өтсе де оқушылар киюі тиіс форма дайын емес. Мән жайды білмек болған ата-аналар білім ордасының директорын таба алмады. Ал оның орынбасары «мектеп формасының дайын еместігін өзіміз енді ғана білдік»-деп, отыр. Тігіншінің өзі болса, ата-аналардың ақшасын 1 қарашаға дейін қайтарып беремін депті.


Саян Балғабекова, Балтабай ауылдық орта мектебі директорының орынбасары:

-Ол әйел өзі жылап отыр. «Беремін қайтарамын бәрін»- деп, қолхатын да жазып берді. Биздің директорыдың қолы тимей тұр.

-Ақшаларын қайтарамын деді ма?

-«Қайтарамын» деді .